Kazakhstan energy week 2019 аясында Әйелдер энергетикалық клубының форумы өтті

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласының Expo Конгресс-орталығында әйелдерді мансап, білім, отбасы сияқты түрлі салалаларда ілгерілетуге жәрдемдесу тақырыбына арналған «Энергетикадағы әйелдер көшбасшылығының заманауи бейнесі» атты Kazenergy Әйелдер энергетикалық клубының IV Форумы өтті.

Атап айтқанда, kazenergy.com хабарлағандай, форумда Gender inequality (PwC, Швейцария) саласындағы халықаралық сарапшы Дэвид Сзолоши «Жұмыс орнында әйелдердің теңдігін қамтамасыз етуге арналған корпоративтік сектордағы үздік тәжірибелер» атты баяндама жасады.

PwC зерттеулері ерлер мен әйелдер арасындағы еңбекақы төлеудегі айырмашылық кәсіби сегрегацияны, жұмыс істейтін аналарға қатысты теріс пікірлікті және еңбекке ақы төлеудегі тікелей кемсітушілікті қоса алғанда, көптеген факторлардың нәтижесі болып табылатынын көрсетеді. Сонымен қатар, нәсілдік ой-сана, білімге қолжетімділік пен жасы сияқты нәрселер де еңбек үшін сыйақыға әсер етеді. Жұмыс орнында әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету, гендерлік теңгерімді сақтау үшін жұмыс күшінің әртүрлілігі мен инклюзивтілігі қағидатын сақтау талап етіледі, бұл компаниялардың тез әрі тұрақты экономикалық өсуін және халықтың қалың жігінің әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы, Украинадағы, Грузиядағы және Әзірбайжандағы Бизнес академиясының басшысы Наталья Копыленко «Эмоциялық интеллектінің жоғары деңгейі өз әріптестерін нақты түсінуге және белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, алға қойылған міндеттерге жылдам бағдарлауға көмектеседі» деп есептейді.

Сондай-ақ форумға қатысушылар Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) гендерлік саясатты дамытуға бағытталған жобалары туралы тыңдады. «Kazenergy» қауымдастығының адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина мен Ergon Associates директорының орынбасары Кирстен Ньюит ұсынған «ҚР энергетикасындағы әйелдердің рөлі» атты Kazenergy мен ЕҚДБ бірлескен зерттеулерінің аралық нәтижелерінің презентациясы өтті.

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), гендерлік проблематика және экономикалық интеграция жөніндегі топ, гендерлік проблематиканы есепке алу және қызметтерге қол жеткізу жөніндегі директордың орынбасары Анна Бернермарк компаниядағы гендерлік әртүрліліктің маңыздылығы, әйелдер мүмкіндіктерін қолдау және кеңейту жөніндегі энергетикалық компаниялардың қазіргі заманғы кадрлық саясаты, кәсіпорындарда әйелдер көшбасшылығын дамыту туралы әңгімеледі.

Естеріңізге сала кетсек, Kazakhstan energy week энергетикалық форумы мен ХІІ Еуразиялық Kazenergy форумы 2019 жылдың 23-29 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр. Форум аясында 27 қыркүйекте Өндірісті оқшаулау және жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктері туралы форум өтеді.