Неліктен «Теңізшевройл» компаниясы шетелдік мамандарды тартуға мәжбүр

Соңғы бес жылда «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) қызметкерлерге арналған оқыту бағдарламаларына жұмсаған шығындарышамамен 33млн.АҚШ долларынқұрады, деп хабарлады компаниядағылар petrocouncil.kz сайтына.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының энергетика министрі ҚанатБозымбаевтың деректері бойынша, Теңіз кен орнындағы Келешек кеңею жобасында шамамен 5 мың шетелдік жұмыс істейді.

«Теңіз кен орнында кен шығару бойынша қолданылатын технологиялар тек ҚР аумағында ғана емес, сонымен қатар жақын шет елдерде де бірегей болып табылады. Сәйкесінше, сенімді, үздіксіз және ең бастысы – қауіпсіз өндірісті қамтамасыз ету үшін әлемнің мұнай-газ кен орындарында кең ауқымды жұмыс тәжірибесін иемденетін инженерлік-техникалық жұмыскерлердің қатарынан жоғары білікті кадрларды тарту қажет етіледі», – деп айтып берді Petrocouncil сайтына «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Бұл ретте өткен жылы «қызметкерлерді оқыту бағдарламасы және кадрларды ұлттандыру жөніндегі шаралар ТШО компаниясына базалық өндірістегі қазақстандық жұмыскерлердің үлесін 1993 жылғы 50%-дан 88,7%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді».

Компаниядағылар 2018 жылдың қорытындысы бойынша ТШО базалық өндіріс штаты 3859 жұмыскерден тұрғанын айтып берді. ТШО базалық өндірісінде штаттағы қазақстандық қызметкерлердің үлесі 88,7% құрады, ал қазақстандық басшылардың үлесі  – басшылық құрамның жалпы санының 77%-ын құрады.

«173 қазақстандық маман менеджерлер, орта буынды басшылар және негізгі инженерлік-техникалық лауазымдар позицияларына тағайындала отырып,шетелдік жұмыскерлерді алмастырды», – деп атап өтті компанияда.

Жалпы алғанда, соңғы бес жылда, яғни 2014-2018 жылдарда «Теңізшевройл» ЖШС-нің қызметкерлерге арналған оқыту бағдарламаларына жұмсалған шығындары шамамен 33 млн. АҚШ долларын құрады. Кәсіпорын «ұлттық жұмыскерлерге халықаралық жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін ұсынуға күш-жігер»салуда.

«2018 жылдың соңына қарай ТШО-ның 41 жұмыскеріуақытша шетелдік тағайындаулар мен Қазақстан Республикасы ішіндегітағайындауларшеңберінде «Шеврон» корпорациясының әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді», – деп ақпарат бөлісті Артығалиев мырза.

Ол кәсіпорында жоғары білім мен кәсіби сертификацияға қол жеткізу бағдарламасының жұмыс істейтінін айтып өтті. 2009 жылдан бері осы бағдарлама аясында 183 қызметкер қосымша білім алды.

Сондай-ақ «Жас-Ұрпақ» бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында жыл сайын 100-ден астам грант ұсынылады. Бағдарлама ұлттық және шетелдік университеттер мен колледждердегі компания жұмыскерлерінің балаларына қаржылай көмек көрсетуге бағытталған. Осы бағдарлама аясында қаржылай көмек ретінде 1998 жылдан бері ТШО 6,5 млн. АҚШ долларын бөлді.2017-2018 оқу жылының өзінде 126 студент бағдарламағақатысып, 400 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаржылай көмекке қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың маусым айында Теңізде Келешек кеңею жобасындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін ТШО-ның мердігер ұйымы ConsolidatedContractingEngineering&Procurement S.A.L. Offshore (CCEP) компаниясының шетелдік және қазақстандық жұмыскерлерінің арасында жанжал орын алғанын еске салғымыз келеді. Бұл ретте оқыс оқиғаның салдарынан Үшінші буын зауытының құрылысындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды.

Жанжал ССЕР шетелдік жұмыскерімен әлеуметтік желіде жарияланған қазақстандық қыздың фотосуреті салдарынан туындады.

Кейіннен ҚР Энергетикаминистрі Қанат Бозымбаев КДЖ-да бүгінгі таңда 360-тан астам компания жұмыс істейтінін айтып берді. Қазақстанда шамамен 53 мың жұмыскер тартылған. Соның ішінде 48 мың жұмыскер – жергілікті, ал 5 мың жұмыскер – шетелдік жұмыскерлер, оның ішінде 23 мың жұмыскер – мердігер компаниялардың, ал 25 мың жұмыскер–қосалқы мердігер кәсіпорындардың жұмыскерлері болып табылады.