ТШО қазақстандық қамтуды қалай дамытуда?

«Теңізшевройл» (ТШО) кәсіпорны Қазақстанда 1993 жылдан бері мұнай өндіріп келеді. 2021 жылдың 3 тоқсан бойынша   кәсіпорынның Қазақстанға тікелей қаржылық төлемі 158 млрд АҚШ долларын құрады. Өзі құрылғаннан бергі жиырма сегіз жылдан астам уақытта әлеуметтік жобалар мен инфрақұрылымды дамытуға 2,2 млрд доллардан астам қаржы бөлді.  Сонымен қатар 11,1 млн долларға 94 әлеуметтік жоба  жүзеге асты.

Кәсіпорын республикада қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше мән береді. Атап айтқанда, қазақстандық компанияларды,тек мұнай-газ ғана емес, мұнай сервисі  саласындағы мердігерлерді  түрлі жобаларға тартады.   

Қазақстандық фирмалар ТШО-мен келісім-шартқа қалай қол жеткізеді, келісім-шартқа отыру қаншалықты күрделі? Отандық кәсіпкерлер тарапынан осындай  сұрақ аз қойылмайды. Шын мәнінде кейбір бизнесмендер бұны әнебір күрделі демейді.  

Оған  ақтөбелік кәсіпкерлер тарихы дәлел. «FIBC KAZAKHSTAN» ЖШС-нің  директоры Ботагөз Тайбөкенова өз фирмасының ТШО-мен қалай келісім-шартқа отырғанын айтып берді. Оның сөзінше, отбасылық бизнес бар-жоғы бірнеше тігін машинасынан   басталған.

«Ол кезде біздің компаниямыздың құрылғанына небәрі үш жыл-ақ   болатын. Әйтсе де, біз мүмкін еместей көрінген келісім-шартқа қол жеткіздік.  

Теңізшевройл үшін біз вагон ішпегі мен күкіртті тиеу мен тасымалдауға арналған конверттер жасаймыз. Келісім-шартқа отырмас бұрын, жан-жақты тексеруден өттік. Кәсіпорнымызға ТШО-дан комиссия келіп, жабдықтарымызбен танысты, еңбек шарттарын тексеріп, жұмысшылармен сөйлесті – ол кезде бізде 50 шақты адам жұмыс істейтін. Біз құрылғанымызға көп болмаса да,  тапсырыс берушінің жоғары талаптарына дайын болдық», – дейді Ботагөз Тайбөкенова.

Тексерістен кейінгі «FIBC KAZAKHSTAN» – ның алғашқы алған тапсырысы- 150 дана вагон ішпегін дайындау болды. Екі жылдан кейін бұл көлем он есеге артты.

Биыл компания кеңейіп, жаңа жабдықтар сатып алуды жоспарлап отыр. Одан бөлек, «FIBC KAZAKHSTAN» бұрын жалдамалы жайда отырса, жақында аумағы 3000 шаршы метрлік   жеке қойма құрылысын аяқтап, соған көшті.

ТШО-ның қазақстандық бизнесті қолдауының тағы бір дәлелі – «ЮЖПРОМСНАБ» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт. Кәсіпорын 19 жылдан бері құрылыс-монтаж жұмыстарымен, электр техникалық жабдықтарды монтаждаумен, металбұйымдар шығарумен айналысады.«Теңізшевройлмен» ынтымақтастық 2014 жылы  кәсіпорын   алаңында әлеуетті   қамтушы ретінде тіркелуден басталды.

«Сауалнамадан өту, барлық позиция бойынша жауап беру, қажетті құжаттарды, сертификаттар мен лицензияларды, тіркеу мәліметтерін, өзге компаниялардың кепілдеме хаттарын тапсыру қажеттігі туындады. ТШО-мен серіктестік туралы шешім қабылданған кезде Келешек кеңею жобасының басталғаны біз үшін сәтті болды, – дейді компания құрылтайшысы Владимир Гринберг.

«ЮЖПРОМСНАБ»-тың өнім сапасын үнемі бақылап отыратын жаңартылған темір жол тұйығы мен жеке зертханасы бар.  

«ТШО тауар мен қызметтердің сапасына жоғары талап қояды. Қамтушыларды іріктеу   кезеңінде   бәрі де жан-жақты тексеріледі. Одан бөлек басшылықпен кездесіп, қосымша әңгімелесулер өткізеді, жетекші  қызметкерлердің түйіндемесін сұрайды, компанияны басқару деңгейіне баға береді, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыруды тексереді, ішкі құжаттар да бар.

Мысалы, біз гравий өндіреміз, ТШО өндірістік жабдықтардан бастап оның экологиялық артықшылықтарын, сенімділігін, жұмысшылардың еңбек жағдайлары мен тұратын жерлерін толықтай тексеріп шықты. Компаниямыз инертті материалдар өндіретін жер телімі орналасқан Бадамша кентінен 150  орындық жатақхана салды», – деп атап өтті құрылтайшы.

ТШО облыстар бойынша жергілікті нарықты қалай Жақында IHS Markit халықаралық талдау агенттігі мұнай-газ саласынан қай өңірлердің пайда көретінін анықтады.

ТШО-ның негізгі қызметі Атырау облысында шоғырланғанына қарамастан, компанияның жергілікті нарықтағы жылдық орташа шығыны Қазақстанның барлық өңірлері бойынша бөлінген.

Қарағанды облысындағы  жергілікті кәсіпорындардан жалпы құрылыс жұмыстары мен материалдарын, консультациялық қызметтер мен оптикалық-талшықты кабельдер сатып алады.

«2011 жылы біз ескі газ тасымалдайтын жүйені бөлшектеу бойынша жұмыс көлемін атқардық. Содан бері ТШО-мен серіктестігіміз кеңейіп келеді. Соның өзінде біз еңбекті ұйымдастыру мен қауіпсіздік техникасы, сапа жағынан халықаралық деңгейдегі жоғары стандарттарға сай болуымыз керек. ТШО-ның тозу дағының түзетілген диаметрін өлшеу жобасындағы жұмысымыз дронмен тексеріліп тұрды. Берілген дәліз шеңберінен шығуға құқығымыз болмады. Бұл өңір экологиясы тұрғысынан  ТШО талабы  еді.  Талап биігінен көріну үшін, экологтар мен орнитологтарды жұмысқа  тарттық.

Орнитологтар желі құрылысы жолында құстар ұясының бар-жоғын бақылау үшін қажет болды.Тіпті ол жерде жұмыс киіміне де өзіндік талап қойылды», – дейді «Energy System Services LLP» басшысы Алексей Ускаленко.ТШО-мен жұмыс жасайтын тағы бір қарағандылық компания – «Энергосистемы ЭЛТО». Бұл Қазақстанның энергетика нарығындағы электр техникалық тауарлар өндіретін ірі отандық кәсіпорындардың бірі.

«Біз ТШО-мен 2017 жылдан бері жұмыс жасаймыз. Осы аралықта болашақта өзге де компаниялармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жақсы тәжірибе жинадық. Бұл – үлкен қадам, біз ТШО талаптарынан шықтық», – дейді директор Александр Арионов.

Оралдағы азот зауытының директоры Максим Ермолаев та ТШО-мен серіктестіктің оң нәтижелерімен бөлісті.

Кәсіпорын сұйық азот пен оттегі жеткізумен, технологиялық жүйелерді, ыдыстар мен құбырларды инертті газбен, химиялық және лазерлік тәсілдермен тазалайды және құрғатады.

«Теңізшевройлдан» келісім-шартты бірден ала алмадық – конкурста жеңілдік. Ол кезде біз тәжірибесі аз сервистік компания едік. 2011 жылдың соңында ТШО бізге жедел қызмет көрсету бойынша хабарласты. Жаңа жылдық мерекелер кезі болатын, келісім-шартқа қол қою және жұмысымыздың ақысын алу кепілдігі бойынша қиындықтар туындады. Дегенмен, тәуекелге бел буып, өз бригадамызды жібердік. нысан басында келісілгендей екі-үш күн емес, он күн жұмыс жасадық әрі бір емес, бірнеше бригадамызды жібердік. ТШО-дан жұмысымыз жөнінде  кері  байланыс сұрадық, олар бізге оң бағаберді. Сол тәжірибе бізді  қанаттандырып жіберді.   Кейін Теңізшевройлдан алғашқы тендерімізді ұттық. Ол екі жылға ұзарту мүмкіндігі бар үш жылдық орташа мерзімді келісім-шарт еді. Бізге Теңізшевройлдан аудит тобы келіп, өндірістің барлық циклін, қауіпсіздік техникасын, қызметкерлерді, қаржымызды тексерді. Аудиттен сәтті өтіп, ТШО-ның қамтушылар жүйесіне тіркелдік. Сөйтіп, 2012 жылы ТШО-ның тікелей  қамтушысы болдық», – дейді Максим Ермолаев.

IHS Markit-тің мәліметіне сәйкес, 2020 жылы Ақтөбе облысында жергілікті компаниялар 41 млн АҚШ долларына тапсырыс алған, 3 131 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Ал, Батыс Қазақстан облысы 18 млн АҚШ доллары көлемінде тапсырыс алып, 1 271 адамға жұмыс ұсынған.

Атырау облысында жергілікті компаниялар ТШО-ға 1,390 млн доллардың  қызмет көрсетіп, 81 419 адамға жұмыс ұсынды.

Маңғыстауда 216 млн доллардың тапсырыс орындалып, 12 632 адам жұмысқа орналасты. Қарағандыда – 4 млн доллар, 657 адам. Жамбыл облысында – 5 млн доллар, 623 адам. Алматы мен Алматы облысында – 629 млн доллар, 33 548 адам. Нұр-Сұлтан және Ақмола облысы– 137 млн доллар, 6 730 адам.